2025 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №89 мектеп-лицейінде «Математика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында математикалық есептерді өмірлік жағдаяттарда қолдану, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту және сабақтың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, шебер сыныптар ұйымдастырылып, қатысушылар жаңа әдістемелер мен тәжірибелермен бөлісті.
Семинар соңында қатысушыларға кері байланыс берілді, олардың пікірлері бойынша семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігі бағаланды