Жасанды интеллект арқылы физика пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру

2025 жылғы 22 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Жасанды интеллект арқылы физика пәнінде функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласының білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері қатысты. 

Семинар барысында физика сабағында инновациялық әдістер мен құндылықтарды үйлестіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шарада пленарлық отырыстар, практикалық бөлімдер мен шеберлік сыныптар өткізілді. Мұғалімдер физика пәні бойынша заманауи оқыту әдістері, тәжірибелік жұмыстар мен эксперименттерді қолдану тәсілдері туралы өзара пікір алмасты. 

Семинар соңында қатысушылар ұсыныстар мен пікірлерімен бөлісіп, іс-шараның тиімділігі мен маңыздылығын атап өтіп, оқыту әдістерін жетілдіру бойынша келешектегі қадамдарды белгіледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *