ТжКБ ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың үлгілері мен мүмкіндіктері

2025 жылдың 21 қаңтарында ТжКБ бөлімінің әдіскерлері Астана қаласының ТжКБ білім беру ұйымдары директорларының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлеріне «ТжКБ ұйымдарында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың үлгілері мен мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Әдіскерлер бөлімнің 2024 жылғы әдістемелік жұмысы бойынша талдау есебін жүргізіп, қатысушыларды 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Семинардың практикалық бөлімінде «Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі» директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары А.И. Хасенова, «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары М.А. Шабданова, Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Н.М. Нұржауова оқытушылардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, жас оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жолдарын көрсетіп, халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстың тиімді әдістері мен формаларын ұсынды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *