Астана қаласының №92 мектеп-лицей базасында Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен химия және биология пәндері мұғалімдеріне «Білім беру сапасын арттыру контекстінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру, жаратылыстану сауаттылығын арттыру» тақырыбында қалалық оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар практикумда контексттің тапсырмалардың күнделікті өмірдегі проблемалық жағдайларға жақындығына назар аудару күнделікті тілден пәндік салаға (химия, биология және т.б) аударуды қажет ету, тапсырмалар кескіндер, кестелер , инфографика сияқты иллюстрациялар қолдану туралы пән мұғалімдерінің игеретін дағдылары туралы айтылды.
Іс-шарада Арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Касимханова Салтанат Есенгалиевна «ЕББҚ бар балаларға арналған білім беру бағдарламаларына» тоқталды.
Қатысушылар өздерінің пәндері бойынша орта және жоғары деңгейлік тапсырмалар құрастырып өзара сараптама жасай отырып, өздерін өздері бағалады.