Жол қозғалысы ережелерін сақтаймыз

2025 жылдың 20 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп айы» аясындағы «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты онкүндік шеңберінде «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 1-курс студенттерімен «Жол қозғалысы ережелерін сақтаймыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің шақырылған қонағы ретінде Астана қаласы Сарыарқа ауданының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Айтжанов Нұржан Ташкенбаевич шақырылды. Ол жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесі және білімімен бөлісті.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларының себептері және оларды алдын алу мәселелері туралы айтылды. Қатысушылар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі, жол қауіпсіздігі саласындағы заманауи технологиялар, сондай-ақ жастардың жол ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастырудағы рөлі туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.

Дөңгелек үстел соңында студенттер жол қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылап, құнды ақпаратты тікелей маманнан алу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *