Ерекше балалармен ерекше семинар өтті

2025 жылғы 16 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен арнайы мамандарына арналған «Эмоционалды интеллект — ерекше баламен жұмыс істеудің маңызды құралы» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының ерекшеліктері, «Эмоционалды интеллект — ерекше баламен жұмыс істеудің маңызды құралы», «Эмоция арқылы басқарушылық бақылауды орнату» тақырыптарында ақпарат беріліп, балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қатысушыларымен эмоциялық интеллект бойынша заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығуларын, түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *