2025 жылдың қаңтар айының 5-10 күндері аралығында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге «АЙГАНЫМ – 2018», «Айганым» балабақшасы «Samal 111», «Айгулек» балабақшасы «JALYN» «Кайсар_С», «Кайсар» балабақшасы «Алга балам», «Жомарт», «Samal 111», «MaZaika» балабақшасы «Даулет- НК», «Даулет» балабақшасы «Ayala kids», «Аяла» жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Көмек көрсету барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын негізінде:
— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;
— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;
— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;
— баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;
— үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;
— Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;
— МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы
— Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар;
— балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.