2025 жылғы 9 қаңтарда Абай Құнанбайұлы атындағы #87 мектеп-гимназиясының базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асыру тетіктері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, Әдістемелік орталық мамандары, сондай-ақ Астана қаласының білім беру ұйымдарының басшылары, директор орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті А.Ш. Тәңірбергенова «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: бала тәрбиесіне не береді?» тақырыбына кеңірек тоқталды.
Білім басқармасы басшысының орынбасары М.Каирбаева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының Астана қаласының білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, қатысушыларды семинар жұмысына тарту, тәжірибелерімен бөлісу мақсатында хакатон әдісімен 5 топқа бөлініп практикалық жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда:
— Мектептің даму бағдарламасына тәрбие жұмысын енгізу әдіс-тәсілдері.
— Гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне тәрбие құндылықтарын кіріктіру жолдары.
— «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру механизмдері.
— Алдын-алу шараларын мемлекеттік органдармен бірлесе ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері.
Топтық жұмыстың нәтижесінде қатысушылар өз жобаларын қорғап, сарапшылардан кері байланыс алды.
Семинарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Е.Б. Қалмақов қорытындылап, тәрбие бағытындағы жұмыстарды тиімді жүргізу бойынша нақты ұсынымдар берді.
Қатысушылар тәрбие жұмыстарын дамытуда тиімді әдістемелерді меңгеріп, тәжірибе алмасты.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – құндылықтарды білім беру үрдісіне енгізудің заманауи әдісі. Бүгінгі семинар қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, тәрбие жұмысын сапалы деңгейге көтеруге ықпал етті.