2025 жылғы 8 қаңтар күні Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарындағы пікірсайыс қозғалысын дамыту және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында К. Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде қалалық оқыту-тәжірибелік семинары өтті.
Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар пікірсайыстың мәні мен маңызын, аргументацияны құрастырудың тиімді әдістерін, төрешілік ерекшеліктерін және пікірсайыс жетекшісінің кәсіби қызметін қарастырды.