Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» «Нысаналы мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Нейробика» атты семинар-тренингін 2024 жылдың тамыз айынан бастап өткізуде. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби көмек ретінде, сабақ үрдісінде білім алушылардың миының когнитивті функциясын нейрожаттығулар арқылы арттыру мақсатында жүргізіледі. Жалпы гаджет пен жасанды интеллект заманында академиялық білім берумен қатар мидың ойлау қабілетімен функционалды мүмкіндіктерін жетілдіру маңыздылығы өте жоғары.
Тамыз-желтоқсан айлары арасында аталған тренинг қаламыздың 14 мектебінде өткізіліп, оған 486 педагог қатысқан.
Тренингтің жүргізушісі және авторы орталықтың әдіскері, нейротренер, нейрозерттеуші, психолог Сембаева Асем Болатовна әр сабақта 1 минуттан 3 қайтара нейрожаттығуларды өткізу практикасы мидың жұмысын арттырады, жалпы оқушылардың жалығуы мен шаршаудың алдын алады, сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығышылығының артуына да әкеледі дейді.
Аталған семинар-тренинг жаңа 2025 жылы жалғасады.