Педагогтердің авторлық материал негізінде тәжірибелерін тарату

Астана қаласы, Әдістемеліктің орталықтың  жоспарына сәйкес  Ш.Шакированың  ұйымдастыруымен Педагогтердің авторлық материалдар негізінде тәжірибе тарату мақсатында вебинар өтті. 

       Вебинарда Астана қаласының химия  және биология пәндері педагогтері  Ұлытау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан,  Қызылорда облыстарының педагогтерін қамти отырып тәжірибелерін    таратты.  Авторлық бағдарламалары бойынша жаңашыл идеяларымен, озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

       Іс-шараға білім беру ұйымдарының 250 мұғалімі қатысты. Вебинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы  мен қатысушылардың белсене қатысуы жаңа бастамаларға жол ашатыны сөзсіз. Қатысушылар кері байланыс беріп, алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыстарын білдірді.   

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *