2024 жылдың желтоқсан айында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге «Aqbulaq kids», «Жас Кемеңгер», «Арғын- 2024», «Ordagen kids», «Даулет», «Балдаурен» клубы
«AMISQAZAQSTAN», «Бөбек», «Султан и Д», «Нұр Әлем», «Гулфайруз» жекеменшік балабақшасына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Көмек көрсету барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын негізінде:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;
- баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;
- үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;
- Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;
- МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы
- Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар;
- балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.