2024 жылғы 24 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде Сауле Досжанның «Ауылдан келген миллионер» шығармасы бойынша Оқырмандар конференциясы өтті. Бұл іс-шара «ОҚУ TIME» жобасының шеңберінде ұйымдастырылып, қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерінің бірлесе жұмыс істеуіне, шығармашылық қабілеттерін арттыруына және оқыту әдістемесін жетілдіруіне бағытталды.
Іс-шараның мақсаты: Сауле Досжанның «Ауылдан келген миллионер» шығармасы арқылы мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, оқу процесінде тиімді әдістемелерді қолдану және педагогикалық тәжірибе алмасуды қолдау.
Аталған іс-шара №16 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сатекова Айгуль Тлешовнаның сөзімен басталып, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Муслимовна Кайркенованың және осы жобаны бастаған Гүлжазира Бекболатқызының сөзімен жалғасты.
Сондай-ақ, «Кітап – бала тәрбиесіне берілетін қуатты құндылық» тақырыбында кітап таратушы блогер Айнұр Бұлақбай сөз сөйледі.
№16 орта мектебінің жас мамандары төмендегідей бағытта шығармашылық тапсырмалар дайындады.
— «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – қатысушылар арасында шығармашылық жарыс.
— «Бірге ойланайық» – пікір алмасу және талдау.
— «Қай сәт?» – шығармадан алынған үзінділер бойынша сұрақ-жауап.
— «Менің қиялымның әлемі» – қатысушылардың қиялы мен идеяларын дамыту.
— «Бизнес-жоспар» – шығармадан шабыттанып, кәсіпкерлік идеялар ұсыну.
Кері байланыс «Padlet» платформасы арқылы жүзеге асты.
«Оқу Time» жобасы арқылы тәжірибе бөлісу – әрбір қатысушы үшін үлкен мүмкіндік, себебі осы жоба аясында өткізілетін Оқырмандар конференциясы мұғалімдердің өзара пікір алмасуына, жаңа әдістемелермен танысуына және кәсіби дағдыларын арттыруына ықпал етеді.
Бұл шара әдістемелік бірлестіктің жас мамандары үшін де шығармашылықтарын шыңдап, креативті идеяларын жүзеге асыруларына үлкен тәжірибе болды.