«ТІЛГЕ БОЙЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Тілге бойлау» пилоттық жоба аясында педагогтердің озық идеяларын көрсету, жобаны жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №20 «Арайлым» балабақшасында «Ойната отырып, қазақ тілін үйретеміз» семинары өтті.

Іс-шарада балабақша тәрбиеленушілерімен «Сиқырлы алаша», «Шаңырақ», «Кім көп сөз біледі?» іскерлік ойындары ойнатылды. Сонымен қатар, «Тілге бойлау» пилоттық жобасын аналар, әкелер, әжелер мектебінің жұмысымен өзара сабақтастырып, ойын арқылы балаларға қазақ тілін үйрету әдістерінен шебер-сынып өткізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *