Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына семинар өтті

2024 жылғы 20 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы және «Әдістемелік орталығы» МКҚК №61 «Шолпан» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Бестемше ұлттық ойыны арқылы ерекше білімді қажет ететін балалардың коммуникативтік-танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Астана қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Асима Темкеновна Бимендина, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Тәуекелұлы Адылбаев және Әдістемелік орталықтың әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының доценті, «Бестемше» маманы Куралай Кадыровна Куланова «Бестемше ұлттық ойыны арқылы ерекше білімді қажет ететін балалардың ой-өрісін дамыту» тақырыбында практикалық іс-шара өткізді. Балабақшаның логопед және психолог мамандары семинар қатысушыларымен тәжірибе алмасып, шебер-сыныптар мен тренингтер ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар кері байланыс орнатып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *