Баланың жеке даму картасын жүргізу мәселесі талқыланды

2024 жылдың 12 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Баланың жеке даму картасы» тақырыбында директордың бастауыш сынып жұмысы жөніндегі орынбасарлар арасында қалалық кеңес өтті.

Кеңес барысында баланың жеке даму картасын енгізу арқылы мектепалды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері, психологиялық, физикалық және әлеуметтік дамуына бақылау жүретіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, баланың жеке картасының білім беру процесіндегі маңызы мен қолданылуы, ҰБДҚ платформасында баланың жеке даму картасын толтырудың қадамдары жайында ақпарат берілді.

Кеңес соңында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісіп, ұсыныстар мен кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *