2024 жылғы 12 желтоқсан күні №55 орта мектепте «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында озық тәжірибелерді тарату мақсатында «Біртұтас тәрбие: білім мен ұлттық тәлім сабақтастығы» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында келесі пән мұғалімдеру құндылықтарды пәнге кіріктіру бойынша өз тәжірибелерін көрсетті:
— «Пропорционалды бөлуге берілген есептер» (4«Г»-сынып) — Кусеева Фарида Касимжомартовна;
— «Щ» дыбысы мен әрпі (1 «Ә»-сынып) — Рахметова Назгул Ермековна;
— «Археологическая находка «Золотой человек» (5 «Г»-сынып) — Тилекова Меруерт Эркеновна;
— «Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері мен белгілері» (7 «А»-сынып) — Егизбай Бахытжан;
— «The weather. Revision» (3 «Д»-сынып) — Нуртазина Гульмира Болатбековна;
— «Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу» (8«Б»-сынып) — Бәкір Маржан Абдоллақызы.
Семинардың екінші бөлімінде келесі сынып жетекшілері құндылықтарды тәрбие процесіне кіріктіру бойынша тәжірибелерін таратты:
— «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі» — Айтмбетова Эльвира Нагашыбаевна»;
— «Реализация единой воспитательной программы в начальных классах» — Иштаева Сымбат Джамбуловна;
— «Біртұтас тәрбие: үштік одақ ынтымақтастығы» — Дурмағанбетова Сандүғаш Абдығасенқызы;
— «Біртұтас тәрбие: тәрбие жұмысындағы жаңаша тренд» — Шакенова Айдана Боранбайқызы;
— «Ұлттық тәрбие- ұрпақ сабақтастығы» — Тулегенова Данар;
— «Біртұтас тәрбие: Абайдың «толық адам» ілімі» — Алдонгарова Гулсәнем Муратбайқызы.
Сонымен қатар, №55 орта мектеп директоры Д. Рахимбаева, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г. Бекмагамбетова, тәрбие жөніндегі орынбасары Г. Базилбаева Q talks форматында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын енгізу тетіктері, жүзеге асыру жолдары, бағалау туралы айтып өтті.
Семинар жұмысына қала мектептерінің 70 аса сынып жетекшілері қатысып, семинар жұмысына оң кері байланыс берді.