Медицина саласының қазіргі тенденциялары: білім беру және практика

2024 жылдың 12 желтоқсанында «Шипагер» медициналық колледжінде «Медицина саласының қазіргі тенденциялары: білім беру және практика» тақырыбында медициналық колледж оқытушыларына қалалық семинар өтті.

 Семинарда медицина ғылымының өзекті мәселелері, медицина кадрларын даярлау перспективалары, жақын және алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, болашақ мамандардың жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсу ерекшеліктері талқыланды.

Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде оқытудың тиімді әдістерін қолдану, кәсіби тәжірибеде адамгершілік-этикалық қасиеттерді тәрбиелеу бойынша шеберлік сыныптары және клиникалық ойлауды қалыптастыруда цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша оқыту кейсі өткізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *