2024 жылғы 11 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Quantum TECH School мектебінде «Ұлттық құндылықтар негізінде пәнді оқыту: теория мен тәжірибе» тақырыбында семинары өтті. Семинарға білім беру ұйымдарының математика, физика пәні мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында Әдістемелік орталықтың әдіскері К.Нуртаева «Ұлттық құндылық-рухани құндылық негізі» тақырыбында, «Математикалық өнердегі ұлттық құндылықтар» тақырыбында Мұрат Бегайым, Бопатби Айдария, Quantum TECH School мектебінің математика пәні мұғалімдері, «Стереометрияны оқытуда GeoGebra-ны тиімді қолдану» тақырыбында Жәмішжанов Аскар, Quantum TECH School мектебінің математика пәні мұғалімі, «Математикадағы негізгі тақырыптар арқылы оқушының бойына қалай құндылықтарды сіңіре аламыз?» тақырыбында Еркін Қуаныш Quantum TECH School мектебінің математика пәні мұғалімі, «Сабаққа дайындық пен материалдарды бейімдеуде ChatGPT қолдану» тақырыбында Акерке Куанышбаева, Quantum TECH School мектебінің математика пәнінің мұғалімі, «Оқушылардың функционалды сауатталығын физика сабағында дамыту: онлайн ресурстар» тақырыбында Жакупов Нурсултан, Quantum TECH School мектебінің математика, «Күнделікті өмірдегі ұлттық тұрмыстық заттардың физикалық қасиеттері» тақырыбында Космаганбетова Альбина, Quantum TECH School мектебінің математика, «Математика сабағында ұлттық құндылықты қолдану, цифрлық тронсформациялау» тақырыбында Дадаева Куралай Толегеновна, Жамантаева Жанар Касымовна №99 орта-мектебінің математика пәні мұғалімдері, «Ұлттық құндылықтарды математикамен ұштастыру» тақырыбында Сеитова Ардак Серикбаевна, Абишева Маржан Жумағазыевна №72 мектеп — лицейінің математика пәні мұғалімдері, «Контекстік тапсырмаларды түсіндірудегі тиімді жолдар» тақырыбында
Тажибаева Марал Шмановна, Шәмішева Назгүл Қаршығақызы, №82 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері, «5-6 сыныптарда математика пәнін ұлттық құндылықтар негізінде оқыту: дәстүр мен білімнің үйлесімі» тақырыбында Болат Құралай Саматқызы, Ұзақова Гүлмайра Ақболатқызы, №67 гимназияның математика пәні мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында әр спикер өз сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдерін ұсына отырып, құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізу арқылы ұлттық мәдениетімізді, тұтастығымызды сақтау қажет, себебі ол-рухани байлығымыз екенін түсіндірді.
Семинар соңында №82 «Дарынды» мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Г.Кулумбетова педагогтермен ой бөлісіп, кері байланыс жасады.