Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары

2024 жылдың 10 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Кәсіптік — техникалық колледжінің педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізді.  

Семинарда әдіскер Исина Н.С., Есенбекова А.Е., Мылтыкбаева Ж.Т. педагогтерді авторлық жұмыстарды дайындау және эксперименттік бағдарламаларды енгізу бойынша оқыту кейсін, «Сабақты қалай қызықты өткізуге болады?» тақырыбында педагогикалық тренингін өткізді, сонымен қатар  педагогтерді аттестаттау процедурасының негізгі кезеңдерімен және жұмыс тәжірибесін жинақтау ретімен таныстырды. 

Шара соңында Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің арнайы пән оқытушылары Хайса Ү., Томпакаева Н.Г. «Оқу процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында шеберлік сыныптар  өткізді. 

Іс-шараға колледжден 50-дан астам педагог қатысты. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *