Астана қаласы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Тәрбие және қосымша білім беру бөлімі 2024 жылдың 9-10 желтоқсанында №№67, 92 мектептерінің кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелік көмек шеңберінде кітап қорын есепке алуды ұйымдастыру, күнделік пен формулярларды толтыру, сондай-ақ оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тиімді іс-шараларды өткізу бойынша ұсынымдар берілді.