2024 жылы 9 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, Білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық вебинар өтті. Вебинардың басты мақсаты — педагогтерге білім саласындағы ғылыми-зерттеу әдістерін, ғылыми мақала жазу бойынша ұсынымдар мен тиімді әдістерді түсіндіру.
🔑 Модератор: Әдістемелік орталықтың білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің басшысы Касенова Альбина Бакытбековна.
👩🏫 Спикерлер:
· Касенова Альбина Бакытбековна, магистрант (Астана қаласы Әдістемелік орталығы) — білім саласындағы ғылыми зерттеу әдістері бойынша ақпаратпен бөлісті
· Тұрсынбеков Алмаз Жомарұлы, п.ғ.м. (Астана қаласы Әдістемелік орталығы) — цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы ғылыми мақала жазу ерекшеліктері туралы баяндады.
· Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы, п.ғ.м. (Астана қаласы Әдістемелік орталығы) – мақаланың құрылымы, сілтеме рәсімдеу және техникалық талаптарды егжей-тегжейлі түсіндірді.
🌟 Қатысушылар: Іс-шараға 50-ден астам педагог қатысты: мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері, мектеп директорларының орынбасарлары және пән мұғалімдері.
📝 Нәтиже: Қатысушылар сұрақтарына толық жауап алып, пікірлерімен бөлісті. Бұл вебинар педагогтерге ғылыми мақала жазу бойынша әдістемелік қолдау көрсету жұмысының бастамасы болып табылады.
📲 Әдістемелік көмек көрсету жалғасады!