2024 жылғы 4 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына «ЭкоSana» жобасы таныстырылды.
Жобаның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті насихаттау және экологиялық білім беру, білім алушылардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Жоба «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасы шеңберінде, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру мақсатында пилоттық режимде 40 білім беру ұйымында жүзеге асырылады.
Жоба шеңберінде білім алушылардың қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды сақтауға белсенді қатысуына ықпал ететін түрлі іс-шараларды өткізу көзделген.