2024 жылғы 4 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәрбие орынбасарларына арналған вебинар өткізді.
Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д.Г. Шарипова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асырылуы, оның білім беру үдерісіндегі маңыздылығын тағы да атап өтті.
Сондай-ақ, №93 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.М. Тлеубаева аталған бағдарламаның іске асырылуы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар тәрбие орынбасарларына тәжірибе алмасу және білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмысты жетілдіру бойынша жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді.