«Оқушылардың өлкетану мәдениетін қалыптастырудағы интегративті тәсіл» қалалық практикалық семина

2024 жылғы 27 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығымен» бірлесе отырып, «Оқушылардың өлкетану мәдениетін қалыптастырудағы интегративті тәсіл» тақырыбында қалалық пркатикалық семинары өтті.

Семинардың мақсаты: туристік-өлкетану және экологиялық қызмет жағдайында жеке тұлғаны тәрбиелеудің интегративті тәсілін іске асыруда қосымша білім беру педагогтерінің құзыреттерін қалыптастыру және дамыту.

Семинарға «Техникалық шығармашылық орталығы», «Өркен» балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі орталығы, №2 өнер мектебі және «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығынан» 25 қосымша білім беру педагогтері қатысты.

Семинар үш бөлімнен құралды: теориялық, практикалық және қорытынды бөлімдер. Семинар барысында педагогтер туристік-өлкетану және экологиялық қызмет жағдайында жеке тұлғаны тәрбиелеудің интегративті тәсілдері туралы спикерлердің баяндамалары тыңдалып, өзара тәжірибе бөлісті. Сонымен қатар практикалық бөлімде спорттық бағдарлау, велосипедпен кедергілерден өту, тау туризмінің техникасы көрсетіліп, гитарамен әндер айтылды.

Қорытынды бөлімде рефлексия жүргізілді, сұрақтар қойылып, ұсыныстар тыңдалды. Семинарда орталықтың туризм-өлкетану және экология бағыттары бойынша жұмыс моделімен таныстыру, бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету, білім алушылармен көпшілік іс-шараларды іске асыру бойынша практикалық тәжірибемен бөлісу жүргізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *