«Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» республикалық семинар

2024 жылғы 28 қараша күні Астана қаласының «С. Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназия» базасында «Amway Central Asia» ЖШС мен меморандум аясында «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Семинарға 60-тан астам педагог қатысты.

Іс-шара аясында Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп әзірлеген «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» қазақ және орыс тілдерінде элективті курс бағдарламасының таныстырылымы өтті.

Осыған орай, курс авторлары Ежова Татьяна Владимировна мен Локтионова Ольга Степановна, элективті курстың мета-пәндік дағдыларды қалыптастыратыны және оны биология, қоғамтану және басқа пәндермен байланыстырып 10-сыныптарда қолдануға болатыны туралы атап өтті.

Іс-шара соңында, қатысушылар элективті курстың алдағы уақытта Астана қаласы білім беру ұйымдарында енгізу жолдарын талқылап кері байланыс берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *