Зерттеу әдістерін қолдана отырып, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Ш.Шакированың ұйымдастыруымен  Астана қаласының  химия және биология пәндері  мұғалімдеріне «Зерттеу  әдістерін қолдана отырып, жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. 

          Семинар мақсаты: Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің  оқушының жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру амалдарын қолдану біліктерін дамыту .  Педагогтердің зерттеу әдістерін қолдану  бойынша тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету. 

          Төмендегі пән мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесін практикамен ұштастырып баяндамалар, шебер-сыныптар, практикалық сабақтар көрсетіп тәжірибе алмасты:  

      —   «Биология сабағында танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеу дағдысын арттыру»  №7 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі А.Ақжанова,  

     — «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыруда іс-әрекетті зерттеудің маңызы» №74 мектеп-гимназиясының  химия пәні мұғалімі Ж.Мусаханова, 

     —  «Биология сабақтарында «Pasco» құралдарын тиімді пайдалану арқылы жаратылыстану сауаттылығын арттыру жолдары» №95 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Ш.Асанова,  

   —  «Химия сабақтарын тиімді өткізу үшін Раsco  құрылғыларын пайдалану» Дарынды ер балаларға арналған «Білім –инновация» лицей –интернатының химия пәні мұғалімі Н.Жұмағұлов. 

       Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова педагогтерге пән мазмұны бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерінің бағыттарын көрсетті. 

        Семинарға қатысушылар іс-шара  тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын жеткізді.   

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *