2024 жылғы 28 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК (бұдан әрі – Әдістемелік орталық) жоспарына сәйкес Білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына ғылыми мақала жазу әдістемесін, рәсімдеуге қойылатын талаптарын түсіндіру мақсатында «Ғылыми мақала жазу және рәсімдеу» атты республикалық вебинар өтті.
Модератор – Әдістемелік орталықтың білім саласындағы зерттеу және стратегия бөлімінің басшысы Касенова Альбина Бакытбековна.
Вебинарда Назарбаев Университеті және басқа жоғары оқу орындарының профессор, ғалымдары сөз сөйлеп, ой бөлісті. Атап айтқанда:
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, п.ғ.д. профессор Мурзалинова Алма Жакимовна «Статья педагога – background профессиональной деятельности» тақырыбында сөз сөйледі. Алма Жакимовна ғылыми мақала құрылымын, ғылыми мақаланың атауына, андатпаға қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, ғылыми мақала жазу лайфхактарын ұсынды.
Назарбаев Университеті докторанты Құлмағамбетова Ақсұлу Шынболатқызы «Қазақстан мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесі мен инновациясына әсер ететін факторларды талдау: сандық зерттеу» тақырыбындағы сандық зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебінің магистрі, Sunrise Development компаниясының басшысы Елеусов Адлет Асхатович «Восприятие феномена педагогического предпринимательства сквозь призму продавцов и покупателей на TEACHERSLAB.KZ: смешанное исследование» атты зерттеуімен таныстырды.
Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебінің магистрі, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА көптілді білім беру зертханасының меңгерушісі Абилдина Райгуль Жаиыковна «Опыт казахстанских учителей в обучении онлайн во время пандемии COVID-19: феноменологическое исследование учителей одной основной начальной школы в Нур-Султане» атты зерттеуімен бөлісіп, қазақстандық мұғалімдердің онлайн оқыту тәжірибесін, сапалы және сандық зерттеу әдіснамасын ұсынды.
Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы «Ғылыми мақаланы жазуға және рәсімдеуге қойылатын талаптар» тақырыбында сөз сөйлеп, мақала құрылымы, сілтеме рәсімдеу ережелері, техникалық рәсімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әдеп нормаларын түсіндірді.
Вебинар соңында қатысушылар сұрақтарына толыққанды жауап алып, өз ой-пікірлері және ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілері, орта білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, жалпы саны 100-ден астам педагог қатысты. Педагогтерге ғылыми мақала жазу бойынша әдістемелік көмек көрсету жұмысы өз жалғасын табады