«ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА: ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР» ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА КУРСТАН КЕІНГІ ҚОЛДАУ

2024 жылғы 26 қараша күні Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес білім саласындағы зерттеу және старатегия бөлімінің қызметкерлері А.Касенова, А.Тұрсынбеков және Б. Әзімбай «Цифрлық педагогика: қазіргі білім берудегі инновациялық әдістер» атты 72 сағаттық қашықтықтан біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтап, сертификатпен марапатталған тыңдаушылар үшін курстан кейінгі қолдау бағдарламасы аясында вебинар өткізді. 

Вебинар барысында, курс тыңдаушылары біліктілік арттыру курстан кейінгі қолдау бағдарламасымен таныстып, курстан кейінгі қолдау платформасында https://astana-modern.kz/ жұмыс істеуді және «Іс-қимыл жоспарын» (Action Plan) әзірлеуді, оны жүзеге асыру бойынша ақпарат алды. 

Вебинарға Zoom платформасында өтіп, Астана және т.б. өңірлерден 100-ден астам педагог қызметкерлер қатысты. Вебинар барысында тәлімгерлер тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, теориялық білімді тәжірибде қолдану бойынша ақыл-кеңестерін айтты. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *