Кәсіптік білім берудегі инклюзивті оқыту: жағдайы мен болашағы

2024 жылғы 25 қарашада «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ жоғары колледжі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғимаратында «Кәсіптік білім берудегі инклюзивті оқыту: жағдайы мен болашағы» тақырыбындағы Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары мен оқытушыларына арналған қалалық семинар өткізілді.

Іс-шараның теориялық бөлімінде Нұрқатова Л.Т., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, Жумабекова М.О., «Talap» КеАҚ ТжКББ әдістемесі және мазмұны басқармасының бас менеджері, Ермухамбетова А.У., №1 оңалту орталығының маманы, педагог-психолог, Бейсенова Н.Б. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психологиялық қолдау орталығының басшысы, Мухамеджанова Г.Е., №1 «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының педагог-психологы баяндама жасады. Спикерлер оқу-әдістемелік құжаттаманы құрастыру, ерекше білім беруді қажет ететін студенттермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс түрлері, еріктілер қозғалысын дамыту және т.б. тәжірибелерімен бөлісті.

Тәжірибе мен ұсыныстар алаңында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жоғары колледжінің оқытушылары Әбіл Р. Е., Смагулова Д.Н., Аубакирова А.А., Нұралы Р. А., Уахитова А. Қ., Касымжанов С.С., Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Тлеумбетова Д.Б., Құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Елубаева Г.Е. сабақтарда және практикалық жұмыстарда қолданылатын тиімді әдістер мен формаларды ұсынды.

Семинарға Астана қаласындағы колледждерден 60-тан астам оқытушы қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *