2024 жылғы 22 қарашада «Әдістемелік орталық» МКҚК жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп «Қосымша білім берудегі көркемдік шеберлік практикасы» атты қалалық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты: тәжірибе алмасуға және шығармашылық әлеуетті арттыруға бағытталған тиімді әдістемелермен танысу.
Семинарға 27 педагог қатысты. №1 өнер мектебі электронды оқулықта өнер тарихын оқыту әдістемесі мен QR – код туралы айтып берді, балалар көркемсурет мектебі директорының орынбасары көркемдік білім берудегі жасанды интеллектпен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, балалар көркемсурет мектебінің педагогтері кескіндеме, композиция және шығармашылық шешімдерді іздеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, мастер-класстар өткізіп композиция бойынша әдістер мен технологияларды көрсетті.
Балалармен иллюстрация жасаудағы өз тәжірибесімен педагог – сарапшы, Бейнелеу өнері оқытушысы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Өнер академиясының корреспонденті, Қазақ суретшілер бірлестігінің мүшесі, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі Тұран Жәйірбек Қайрат бөлісті.
Семинар соңында Балалар көркемсурет мектебіне экскурсия өткізілді. Қатысушылар көркемдік шеберлікті дамытудың заманауи әдістемелері туралы кең білім алды, тәжірибе алмасты.