2025 жылы мемлекеттік аттесттаттаудан өтетін балабақшаларға әдістемелік күн өтті

2024 жылдың 21 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге № 17 «Ертөстік» балабақшасына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Көмек көрсету барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын негізінде:

– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;

– Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;

– Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;

– баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;

– үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;

– Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;

– МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы

– Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар;

– балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *