«Ұлттық құндылықтар негізінде пәнді оқыту: теория мен тәжірибе»

2024 жылғы 20 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша №56 мектеп-лицейінде «Ұлттық құндылықтар негізінде пәнді оқыту: теория мен тәжірибе» тақырыбында семинары өтті. Семинарға білім беру ұйымдарының математика, физика пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында Әдістемелік орталықтың әдіскері К.Нуртаева «Ұлттық құндылық-рухани құндылық негізі» тақырыбында, «Құндылықтар әлеміндегі математика» Г. Мырзагали, К. Кузенбаева, №8 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері, «Математика сабағында құндылықтарды дәріптеу» Ж.Саугабаева Г.Кусаинова, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімдері, «Математикалық үнемдеудің өмірдегі орны» Ғ.Махмад, З.Жетыбаева №51 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімдері, «Ұлттық құндылықтар негізінде пәнді оқыту: теория мен тәжірибе» Н.Абилмажинова, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі, «Құндылықтарға негізделген білім беру жүйесін физикамен байланысытыру» А.Таймбетова №37 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, «Интеграция национальных ценностей в процесс обучения физике для развития функциональной грамотности» Е.Ифандопуло №22 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі, «Ұлттық құндылықтар физика сабағында тиімді қолдану» С. Айнамкулова №73 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, «Ұлттық-тұрмыстық бұйымдардың – физикасы» Г.Батырова, Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, «Ұлттық құндылықтар негізінде физика пәнін оқыту» Л. Базарбекова №15 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында әр спикер өз сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдерін ұсына отырып, құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізу арқылы ұлттық мәдениетімізді, тұтастығымызды сақтау қажет, себебі ол-рухани байлығымыз екенін түсіндірді. Семинар соңында №82 «Дарынды» мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Г.Кулумбетова педагогтермен ой бөлісіп, кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *