2024 жылдың 21-22 қараша күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Сандық дәуірдегі жаңа дағдылар» тақырыбында екі күндік семинар-практикум өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің заманауи цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін арттырып, білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын үйрету. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 90-нан астам педагог қатысты.
Екі күндік семинар-практикумда қамтылған тақырыптар: Microsoft Office (Word, Excel) бағдарламаларында жұмыс істеудің негіздері, Google онлайн қызметтері: мүмкіндіктері мен қолдану жолдары, Медиа және ақпараттық сауаттылық. Қашықтан оқыту барысында бейнеролик түсіру жолдары (мобилография), Білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі.
Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыс арқылы дағдыларын шыңдады. Бұл шара педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруда және сандық құралдарды тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.