Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жолдары  

2024 жылғы 14 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Ш.Шакированың ұйымдастыруымен №99 орта мектеп базасында химия және биология пәндерінің жас педагогтеріне «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. «Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау» тақырыбы бойынша химия және биология пәнінің әдіскері Ш.Шакирова сөз сөйледі.

Әрі қарай химия пәнінің жас педагогтеріне №73 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Өмірұзақ Қанат, биология пәнінің жас педагогтеріне Ы.Алтынсарин атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Қасымова Лазим Талғатқызы оқушылардың пәндік олимпиада тапсырмаларын шешудің тиімді жолдары мен есептерді шығару әдістемесіне тоқталып, күрделі деңгейдегі тапсырмаларды  жас педагогтермен бірге шешті.  Іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушы Ш.Шакироваға және спикерлер Л.Қасымова мен Қ.Өмірұзаққа алғыстарын білдіріп, алған білімдерін оқушыларды олимпиадаға дайындау барысында пайдаланатындарын айтты. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *