Елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында отбасы институтының рөлін күшейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Әр жоба өз ерекшелігімен маңызды рөл атқарады. Астана қаласы әкімдігінің №81 «Әсемгүл» балабақшасы педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірлескен музыка ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Осындай жобалар арқылы балабақша мен отбасы арасында өзара сенім мен қолдау қалыптасады, бұл баланың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді:
· «Ата-аналар мектебі» – ата-аналарға бала тәрбиесі бойынша кеңестер беріп, олардың тәрбие үрдісіне белсенді қатысуын ынталандырады.
· «Әкелер мектебі» – әкелердің бала тәрбиесіндегі маңызын күшейтуге бағытталған, олардың рөліне назар аудартады.
· «Аналар мектебі» – аналардың бала тәрбиесі мен дамытуындағы маңызды аспектілерді қамтиды.
· «Әжелер мектебі» – әжелердің отбасылық тәрбиедегі рөліне баса назар аударады, отбасылық құндылықтарды сақтап, ұрпақтар сабақтастығын қолдайды.