Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 13-тармағын орындау мақсатында 2024-2025 оқу жылында Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында «Тілге бойлау» бағдарламасын енгізу бойынша пилот жұмысы іске қосылды. Бүгінде елордалық 20 мектепке дейінгі ұйымда «Тілге бойлау» пилотын апробациялау жүргізіліп жатыр. Осыған орай, №8 «Думан», №6 «Көктем» балабақшаларының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетілді.