2024 жылғы қараша айында «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ Әдістемелік орталығы «Математикалық білім беру сапасын арттыру мәселелері» тақырыбында республикалық форум өткізді. Форумда 5 панельдік сессия өте ауқымды тақырыптармен жұмыс жасалды. Мұғалімдер панельдік сессияда математика пәнінен функционалдық сауаттылық есептерін шешудің тиімді тәсілдеріне, стандартты емес және қиындығы жоғары есептерді шығаруға, мәтіндік есептерді құрастыру тәсілдеріне көптеген күрделі есептерге тоқталып кетті. Форумға қала мектептерінен бес мұғалім қатысып өз іс- тәжірибелерімен бөлісіп келді. «Білім алушылардың білім жетістіктерін жақсарту мақсатында математика сабақтарында оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында әдіскер Қ. Нұртаева, С.Ибраева “№97 мектеп-гимназия” ШЖҚ МКК директордың оқу ісі жөнінднгі оорынбасар, «Мәселе есептерді тез ойлатудың әдіс-тәсілдері»- Қапатұлы Қилымбек, “№73 мектеп-лицей” ШЖҚ МКК математика пәні мұғалімі, «Математиканы оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» – Э.Ибраева, Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі математика пәні мұғалімі, «Құндылықтарды дамытуда математикалық сауаттылықтың орны»- Г. Кулумбетова №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі, «Стандартты емес және қиындығы жоғары есептерді шығару» – Батырбек Кайрат, Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісті. Елордалық педагогтер жоғарғы дәрежеде іс- тәжірибесімен бөлісіп Алғыс хатпен марапатталып келді.