Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру

2024 жылдың 7 қарашада Астана қаласының №101 орта мектебі базасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету.

Оқыту семинарына орта білім беру ұйымдарының директорлардың бейіндік орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында біліктілікті арттыру және педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау шараларын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.

Семинар қатысушылары сауалнамаға қатысып, кері байланыс қалдырды. Олар іс-шараның өзектілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Іс-шараға 88 педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *