2024 жылғы 06 қарашада Әдістемелік орталық Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжімен бірлесіп «Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбында семинар өткізді.
Өткен семинардың мазмұны білім беру үрдісінде құндылықтардың жаңа заман талабына сай насихаттауға бағытталып озық педагогикалық идеяларды іздеу, қалалық деңгейде тиімді және өзекті инновациялық тәжірибені тарату арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шарада құндылықтарды оқу процесіне еңгізудің түрлі әдіс – тәсілдерді көрсеттілді, шығармашылық көрме және театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.
Семинар барысында бүгінгі білім беру процесінде физика және математика, химия және биология сабақтарында ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы құндылықтарға бағыттап оқыту әдістері, туризм және тігін өндірісі мамандарының кәсіби дамуына жетелейтін негізгі құндылықтар туралы сөз қозғалды.
Өткізілген іс-шараға Астана қаласы колледждерінің 50-ден астам оқытушысы қатысты.