«Өзгерістен ізденіске дейін» кезекті жұмысы

2024 жылдың 31 қазанында Әдістемелік орталық әдіскері Жанар Сейдахметқызының ұйымдастыруымен Тәжірибелік алаңның кезекті отырысы өткізілді. Зерттеу тобы бүгін оқылым дағдыларын зерттеуге, соның ішінде мәтінмен жұмыс түрлеріне тоқталды. Әсіресе мәтінді тілдік талдау түрлерін бақылау жұмыстарында тиімді қолдану бойынша жүргізілген практикалық жұмыс қазақ тілі сабақтарында әдеби тіл нормаларын үйретудің тиімді жолдарын көрсетті. Зерттеу тобы мүшелеріне тәлімгерлік ететін Салтанат Аблахатқызының тәжірибе бөлісуін апта сайын асыға күтетін ұстаздар үшін бүгінгі отырыс та жемісті болды .

Мәтін талдауды тек кестеге салып талдамай, нақты аргумент келтіре отырып салыстыра талдауға үйрету оқушыны ережемен жұмыс жасауға дағдыландыратынына көз жеткізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *