22 қазан күні Әдістемелік орталық «Әл-Наир баспасы» және Бибігүл Төлегенова атындағы Креативті мектеппен бірлесе отырып «Абай тағылымы» іс-шарасын өткізді.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 10 тамыздағы «Абай – рухани реформатор» бағдарламалық мақаласында «Абайтану» пәнінің оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу және оқу-тәрбие процесіне енгізу қажеттігі туралы айтылған сөзіне орай «Әл-Наир баспасының» әзірлеген Оқу-ағарту министрлігі бекіткен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған Абай мектептерінің 5-11 сыныптарына арналған «Абайтану» пәнін оқулықтары мен хрестоматиясы, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтары мектепте қолданыста.
«Абайтану» баспа кешенін оқушылармен және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары арасында тәжірибеден өткізу, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шарада мектеп педагогтері мен оқушылары сабақтан тыс уақыттарда ұйымдастырылатын сабақтардан үзінді көрсетіп, Абай туралы білімдерін ортаға салды.
Шараға «Абайтану» оқулығы мен ОӘК авторларынан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD, ф.ғ.к., академик – Әубәкір Жандос Мағазбекұлы, Алмахан Мұхаметқалиқызы – абайтанушы және педагогика ғылымдарының кандидаты, қалалық «Профессор сабағы» жобасының мүшесі Қайырбекова Айтбала Ибраимқызы; МКҚК әдіскері Жанар Сейтахметқызы Маман қатысты.