БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ

2024 жылғы 29 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинар өткізді.

Вебинарда кітапханашылардың тәрбие жұмысы мен оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін арттыру жолдары қарастырылды.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Балалар кітапханасы», «8 минуттық оқу» жобаларының мақсаттары мен нәтижелеріне жету үшін кітапханашылардың атқаратын міндеттері және қолданылатын әдістері талқыланды. Құжаттама жүргізу бойынша тәжірибе бөлісу арқылы мектеп кітапханашыларының күнделікті жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған ұсынымдар берілді.

Вебинар соңында қатысушыларға кітапхана ісі бойынша нақты әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *