«Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Біз сенің достарыңбыз» тақырыбында семинар

2024 жылғы 24 қазан күні  «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Біз сенің достарыңбыз» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға жобаға қатысатын білім беру ұйымдарының  бастауыш сынып педагогтері (54 мұғалім) қатысты.

Іс-шара барысында «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының оқу-әдістемелік кешенінің құрылу тарихы, әдістемелік ұстанымдары, негізгі ережелері, цифрлы платформасының материалдары және жобаның «Біз сенің достарыңбыз» атты жаңа бағытының мақсаты мен міндеттері таныстырылды.

Семинар соңында қатысушылар ағымдағы оқу жылында жоба асясында өткізілетін іс-шара жоспарымен танысып, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *