2024 жылғы 28 қазанда Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес химия пәнінің педагогтеріне «Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін қолданылатын тапсырмалардың ерекшеліктер» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар спикерлері Жумагулова Гүлжан, Жаналинова Сымбат, Бөкенова Ақнұр, Естайлақ Ақгүл, Төлеген Гүлшат, Есіркепова Ақерке қатысушыларымен «Химия пәнінен функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар құрастыру», «Химия сабақтарында өмірлік дағдыларды дамыту: Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді жолдары”, «Химия пәнінен PISA тапсырмаларын шешудің әдіс-тәсілдері», «Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыптары бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және педагогикалық шеберлігінің өсуіне ықпал етуге бағытталған семинарда қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Семинарға қатысқан әр қатысушы педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.