Сабақты жоспарлау кезінде жаратылыстану сауаттылығын дамытатын тапсырмаларды қалай қолданамыз

2024 жылғы 28 қазанда Астана қаласы   Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес  Ш.Шакированың ұйымдастыруымен №9 «Зерде» мамандандырылған лицей базасында   биология  пәнінің педагогтеріне «Сабақты жоспарлау кезінде жаратылыстану сауаттылығын дамытатын тапсырмаларды қалай қолданамыз» тақырыбында қалалық семинар өтті.  

          Іс-шарада елорданың тәжірибелі  Сариева Гаукар Сергеевна, Мусина Бакыт Жунусовна, Тойлыбаева Улбала, Әзімханова Ботакөз өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

         Семинар қатысушылары «Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», «Биология пәнін PISA форматындағы тапсырмаларды қолдану», «Биология сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттыру:Құзіреттіліктерді дамытуға бағытталған тапсырмаларды тиімді пайдалану”, «Жаратылыстану пәндерін біріктіре отырып Pisа тапсырмасын құрастыру» тақырыптарында өз білімдерін кеңейтті. 

        Семинар қатысушыларының  ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *