2024 жылғы 28 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК арнайы және инклюзивті білім беру бөлім әдіскерлері №85 «Мейіржан» балабақшасында әдістемелік күн өткізді.
Мақсаты: тәрбиешілер мен арнайы мамандарға ЕБҚ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқытуды реттейтін инклюзивті және арнайы білім берудегі нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Әдістемелік көмек барысында әдіскер А.К.Каримова ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, ППҚ қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерін атап, инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда жүргізілетін құжаттармен таныстырды. Сонымен қатар, ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасаудағы заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Тәрбиешілер мен арнайы педагог мамандарға кері байланыс жасалып, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.