2024 жылдың 23 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК С. Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының базасында «Білім берудегі цифрлық дағдыларды дамыту: қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырды. Бұл шара мектептің 10 жылдығына орай өтті. Семинардың мақсаты цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталды. Қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), интерактивті оқыту құралдары, геймификация (ойын элементтерін қолдану) және жасанды интеллект (ЖИ) арқылы білім берудің тиімді әдістері мен технологияларын талқылады.
Семинарда өз тәжірибелерімен бөліскен спикерлер:
А.Е. Рахимбекова, Д.Б. Мырзахметов, С.Т. Бижанова, К.Б. Есхожаева, Б.А. Ақан, Қ.М. Малекенова, К.Е. Базарбаева, Б.Р. Мыңбаева (С. Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы);
А.Б. Ильясова (М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы);
А.Б. Әбдіжаппарова (№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі);
Л.С. Темирова (№21 орта мектеп).
Сонымен қатар, мұғалімдер тек теориялық біліммен шектелмей, Quest интеллектуалдық ойынына қатысып, өз білімдерін сынады.