Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!

2024 жылдың 23 қазан күні жас ұрпақты Отанын сүюге, елін мақтан етуге, салт-дәстүрін, тілін, тарихын құрметтей білуге тәрбиелеп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №75 «Балалық шақ» балабақшасында Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.

             Балабақша тәрбиеленушілері «Республика күнімен», «Ұлттық сезім», «Мәңгілік ел» өлеңдерін мәнерлеп оқып, патриоттық әндер орындап, «Батырлар», «Шашу» атты қазақтың ұлттық билерімен өнерлерін паш етті.

             Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балаларды тәрбиелеуде балабақша мен отбасы арасындағы өзара байланысты күшейту, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеу, ата-аналарды балабақшаның қоғамдық өміріне тарту мақсатында өткізілген бұл іс — шарада ата-аналар Абай әндерін орындап, мектепке дейінгі жастағы балаларға ақын шығармашылығы арқылы қазақтың мәдени мұрасын құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеп, адамгершілік қасиет пен шығармашылық дағды қалыптастырды.

             Атаулы мерекені өткізу барысында педагогтер мен тәрбиеленушілер, ата-аналар үштігі жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке екенін тағы бір дәлелдеді.

             Іс-шараға мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері, ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *