Әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәрбие орынбасарларына арналған вебинар

2024 жылғы 18 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәрбие орынбасарларына арналған вебинар өткізді.

Вебинардың ерекшелігі – білім беру ұйымдарының арасындағы сабақтастықты нығайту, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылуы бойынша тәжірибе тарату мақсатында мектеп пен колледждің тәрбие орынбасарларын қамтыды.

Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Ж.Қ. Әмірғалиев  тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік бақылаудың маңызы жайлы айтып өтті.

Екінші сұрақ бойынша, №22 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.К. Нургалиева мен Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.С. Кизатуллина «Мектепшілік бақылау. Тәрбие процесінің сапасын, іс-шараларды өткізуді бақылау» тақыбында өз мектептерінің тәжірибесімен бөлісті.

Ал, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы А.А. Хасанова «Құндылыққа негізделген білім. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асырылуы. Апта күндерінің ұйымдастырылуы» бойынша колледж тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар соңында тыңдаушылар мектепішілік бақылауға қатысты сұрақтарын қойып, өз сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *